Астанада табысты кәсіпкерді атып өлтірмек болған киллер бостандықта жүр

Жалдамалы жендет «Бәйтеректің» түбінде алматылық бизнесмен Олжас Мұқажанов мен оның досын травматикалық қарумен атып өлтірмек болған.

Медициналық бетперде киген қаскөйлерден әзер тығылып үлгерген олар құдай сақтап аман қалды. Басты ұйымдастырушы Мұрат Садыров пен оқ атқан екеудің бірі Елдос Дәуітовқа қатысты сотты талай жемқор шенеунікке үкім кескен атақты судья Ербол Рахымбековтің өзі қарауға көшкен. Ал, 36 жастағы кәсіпкерді ажал құштырмақ болған екінші күдікті - Камил Ибишевке байланысты процес бөлек өтуде. Кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс берген бұрын серіктесі болған Ерлан Анарбек екен. Ол Қауіпсіздік кеңесінде инспектор болып істеген. Қазір халықаралық іздеуде жүр.

Евгений Вожжов, адвокат:

-Бостандықта жүрген киллер мен оны жалдаушыны қамауға алмаса куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ, сыбайластар кез-келген уақытта кездесе алады, яғни, өзара келісіп алуы ғажап емес. Сондықтан қоғамнан аластап изоляторға тоғыту керек. 

Loading...