Астанада тағы бір қонақүй өртенді

Астанада қонақүйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі растады. "Сағат 15.20-да Республика даңғылы №54 үйде орналасқан "Реал" қонақүйінің ғимаратында өрт шыққаны жайлы хабарлама келді. Өрттің қонақүйдің 6-қабатында шыққаны белгілі болды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері. Құтқарушылардың жедел түрде өртті сөндіруге кіріскені айтылады. Өрт 17 минуттан соң сөндірілді. "Өрттің аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнында 6 дана техника мен жеке құрамның 33 қызметкері жұмыс істеді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.