Астанада тағы да кран құлап, бір адам қаза тапты – екі адам ауыр хәлде жатыр

Бүгін, 31 тамыз күні Астанадағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты. Azattyq Rýhy редакциясына бұл фактіні қалалық полиция департаменті растаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Құрылыс алаңындағы осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Жарақат алған адамдар ауруханада жатыр. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті, болған оқиғаның мән-жайы жан-жақты тергеледі», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.