Астанада такси терезесін сындырмақ болған полицей интернеттің жұлдызына айналды

Өткен жылы елімізде 32 мыңнан астам қылмыстың тіркелгеніне қарамастан, кісі өлтіру, тонау, қарақшылық , көшедегі  ұсақ бұзақылық  күрт  азайған. Тіпті полицейлер ауыр  және аса ауыр қылмыстарды тез ашып,  істі тіркеуге алмай  қасықана  жасыруды да доғарыпты. Өткен жылды қортындылаған  Ішкі істер министрлігінің есебі тек оптимистік көрсетішке толы.  Алайда тәртіп сақшыларының өздерінің тәртібі көптің көңілінен шыға бермейді. Мәселен, Астананың қақ ортасында бейнетіркеуіштерге түсіп қалған  мына видео ғаламторды шулатып жатыр. Таспада  патрульдік жол полициясының қызметкерлері таксидің терезесін бір қатты затпен аяусыз ұрғылауда. Әйнегі мықты екен, күшпен төмпештесе де сындыра алған жоқ. Сөйтсек, жүргізуші жол апатын жасап, полицейді қағып  оқиға орнынан қашып кетіпті. Десе де,  оны дүрліктірмей-ақ ұстауға болар еді дейді интернет қолданушылары. Ал еліміздің бас полицейі  қарамағындағыларға халықтың  сенімі жоғарылап келе жатқанын   асқан мақтанышпен айтты.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Елдегі қылмыс жайында шынайы статистикаға қол жеткіздік. Халық полициядан араша сұрап  көп жүгіне бастады. Бұл  тұрғындардың тәртіп сақшыларына  деген сенімін білдіреді.

Loading...