Астанада таксист шетелдікті әуежайдан қонақ үйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады. 

Кеше полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген. Ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", - дейді елордалық ІІД өкілдері. 

Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.