Астанада тамақтан 22 адам уланған мейрамхана үстінен қылмыстық іс қозғалды


ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 28-31 наурыз аралығында Астана ауруханаларына «сальнонеллез» диагнозы бойынша 22 адам түскен. 

Аталған факті бойынша, Астана қалалық ІІД 2015 жылдың 29 наурызында ҚР ҚК-нің 304 бабының 1 бөлімі («Абайсызда адамдардың улануына әкеліп соқтырған санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.