Баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаттығу тақырыбы - "Тасқын жағдайындағы төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде құтқару және өзге де қажетті жұмыстарға дайындалу және оны жүргізу".
Жаттығу аясында тасқын кезінде "Қалалық коммуналдық шаруашылығы" АҚ коммуналдық-техникалық қызметінің техникасының жұмысқа дайындығы, "Астана су арнасы" МҚК аумағында Астананың жедел әрекет ету отряды тексерілді. Сондай-ақ, темір жол вокзалы маңында "Жүк тасымалы" АҚ базасында жаттығулық өрт сөндіру жүзеге асырылды.
"Тасқын мезгіліне дайындық барысында қалалық қызметтер мен тұрмысқа қажетті объектілерде инженерлік-техникалық жұмысшылар қатарынан тәуліктік кезекшілік енгізіліп отыр. Қала аудандарында халықтан келіп түсетін арыздарды қарастыру үшін тасқын комиссиялары құрылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.