Астанада теннистен әйелдер арасында ITF сериясындағы «Astana Womens» жарысы аяқталды

Ақтық сында екі ресейлік спортшы Полина Виноградова мен Александра Артамонова өзара бақ таластырды. Финалда Полина Виноградова өзінің отандасын 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, жекелей сында турнирдің бас жүлдесін қанжығаға байлады.

Айта кетейік, жарыстың жұптық сынында Никола Франкова мен ресейлік Полина Родионованың жұбы үздік атанды. Кәсіпқойлар арасында өткізілген турнирге Қазақстан, Франция, Чехия, Ресей, Қырғызстан және АҚШ теннисшілері бақтарын сынай келген болатын. Қазақстан атынан шыққан Камила Керімбаева (Team Kazakhstan), Анастасия Епишева (Team Kazakhstan), Екатерина Клюева (Астана), Әсел Арғынбаева (Алматы) және Анна Данилина, өкінішке орай, турнирдің бастауында сүрінді.