Астанада теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл елеулі спорттық шара 17 наурызға дейін жалғаспақ. Жарыста 14 жастан жоғары жастағы нәзік жандылар бақтарын сынайтын болады.

«Astana Womens» халықаралық турнирінде Қазақстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Хорватия, Беларус, сондай-ақ Польшаның теннисшілері 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйлық қоры үшін тартысқа түсетін болады.