Астанада террорға қарсы жаттығулар өтіп жатыр


«5 тамыз күні Астанадағы бұрынғы жұқпалы аурухана аумағында, Күмісбеков көшесі, 5А мекен жайында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша антитеррористік оқулар өтеді»- делінген хабарламада. Шараның негізгі мақсаты терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабтың дайындығы мен берілген тапсырманы орындаудағы күш-қауқарын тексеру. Оқулар түрлі күрделі элементтері бар шайқас жағдайына барынша жақындатылады. Терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штаб елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және дүрбелеңге салынбауға шақырады. Айта кеткен жөн, терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штаб антитеррористік операцияларды жүргізуге тартылған мемлекеттік орган күштері мен құралдарын жедел басқарудың тұрақты жұмыс істейтін органы.