Арнайы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ оларды 28 желтоқсанда ұстағанын мәлімдейді.
"Ұсталған күдіктілер өздерінің ортасында халықаралық террористік ұйымдарға қолдау көрсетуге шақырған. Шетелге барып, оларға қосылуға үндеген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Қараша айының аяғында Алматы полициясы "қоғамдық тәртіпті бұзбақ болған" күдікті топтың ұсталғанын хабарлаған.