Астанада Тілендиев көшесінде жекеменшік үйді өрт шалды


Тілендиев көшесі бойында өрт орын алғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен сәтте бұзылуға жататын жекеменшік үйдің өртеніп жатқандығы анықталды. Алдын ала деректер бойынша, жалын 200 шаршы метрді қамтыған. Өрт сөндірушілердің жедел де ширақ қимылының арқасында жалынның таралуының алды алынды», делінген хабарламада.
Тілсіз жау сағат 15:27-де ауыздықталды. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жүргізуде. Оған 6 техника, жеке құрамнан 30 адам тартылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.