Отырысқа келгендердің қарасы көп, жұрт ең үлкен сот залына сыймай қалды. Процеске Кореяда емделіп жатқан жерінен Әліби де жетіпті. Қос құлағы жұлынбаған, орнында. Соққыдан кейінгі бетіндегі жаралары да жазылған. Ал, істі талай шенеунікті түрмеге жапқан атақты судья Ербол Рақымбеков жүргізуде. Жамалиев те дәл осы Астанадағы сотқа сенбейді екен. Сондықтан адвокаты Сәлімжан Мусин істі өзге облысқа ауыстыруды сұрады. Атышулы бизнесмен тоқалына көз салған 24 жастағы Әліби Жұмағұловты аяусыз ұрып-соққаны үшін қамалған. Кейін Жамалиев ісіна қатысты тың деректер шығып, «ірі көлемде ақша бопсалады», «адамды заңсыз қамауда ұстады», «күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрледі» деген баптар бойынша3 бірдей қылмыстық іс қозғалды. Алайда, Астанадағы бірнеше қымбат мейрамханалар мен құрылыс компаниясының иесі өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамай отыр.
Қайрат Жамалиев, күдікті:
-Бірде бір айыппен келіспеймін. Иа, дене жарақатын салғанымды мойындаймын. Басқасын мойындамаймын.
Loading...