Астанада төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйде апат салдарынан үзіліп қалған су қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді

16 қыркүйек күнгі 18 сағаттағы жағдаймен жөндеу қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы Жангелдин көшесінде 15 қыркүйекте сағат 17.05-те диаметрі 100 мм-лік су құбырының жарылуы салдарынан "Әлем", "Ажар", "Аймақ", "Аймақтау" сауда үйлері; орталық ескі базар мен Қошқарбаев көшесінің тұрғындары су қамтамасыздығынан қағылды.

Су жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюға "АстанаСуАрнасы" ҚКК-ның 10 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.