Астанада төртем дүниеге келді

«2016 жылғы 2 желтоқсанда қуанышты оқиға болды. Астана қаласы №1 перинаталдық орталығында төртем дүниеге келді. Анасы мен нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында», – делінген хабарламада.

Сәбилер кесарева тілігі арқылы өмірге келді. Төртемнің екеуі ұл бала, екеуі қыз бала. Ұл балалардың салмағы 1490 және 1070, қыздардың салмағы – 1140 және 1070 грамм.