Астанада төртінші қабаттан құлаған сәбиді періштесі сақтап қалды

Оқыс оқиға елорданың шалғайында орын алған. Екі жастағы бала   үйініңтөртінші  қабатынан құлап түскен. Сол мезетте ата-ана қарауынсыз жүрген көрінеді. Бала медициналық көмек дер кезінде көрсетілгендіктен ғана аман қалған. Миы шайқалып, көкбауыры жараланған сәбиге бірден операция жасалыпты. Әзірге ол жан сақтау бөлімінде. 


Қаршыға Құлмұқанов
, Астанадағы №2 балалар емханасының бас дәрігері:

- Құрылысшылар, сәулетшілер, менің ойымша, енді ойланатын уақыт болды. Қала жылдам өсіп келеді, биік үйлер салынып жатыр. Терезелердің ашылуы мен қорғанысын - бәрін есептеу керек.