Астанада төрткүл дүниенің таланттары тоғысқан скрипкашылар конкурсы басталды

V Халықаралық скрипкашылар конкурсының басты мақсаты - классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру.

Конкурсқа - Қазақстан және шетел скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысады. Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді: жеткіншектер тобы (15 жасқа дейінгі) және ересектер тобы (16 - 28 жас аралығы).

Қатысушылар И.С.Бах, Н. Паганини, И. Брамс,
П. Чайковский, Д. Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындайды.

Конкурс қазанның 17 қазан күні конкурс жеңімпаздарының салтанатты гала-концертімен аяқталады.


Конкурстың қазылар алқасы құрамы атақты скрипкашылардан тұрады: Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, Эдуард Грач (Ресей), Сергей Кравченко (Ресей), Александр Винницкий (Финляндия), Петр Шереметев (Франция).