Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Астанада салынып жатқан "На водно-зеленом бульваре" тұрғын үй кешенінде ("Базис-А"ЖШС) 21 сәуірде 10 сағат 02 минутта құрылыс жұмыстары кезінде үшінші қабаттан 25 жасар жұмысшы құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, ТЖМ ақпараты бойынша салынып жатқан "ВЭН" ЖШС перзентханасы аумағында (әуе жайы бағытындағы 8 шақырым жолында) 21 сәуірде 22 сағат 10 минутта бетон қоспасы берілген кезде шығарылатын тіреуіш жер қыртысының ішіне кіріп кетуі салдарынан шығыран аударылып кетті.
Төтенше оқиғаның салдарынан 26 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, ал 24 және 26 жастағы екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға таңылды.