Астанада түнде көшеде жүру тәртібін бұзған балалар көбейіп жатыр

Бұл балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми интернет-ресурсы.

 - Түнгі рейдтер жүргізу кезінде сауық орындары - компьютерлік, ойын клубтары, кафелер, мейрамханалар да назардан тыс қалмайды. Осы орындарда маусым айында 20 кәмелет жасқа толмаған балалар ата-аналарының бақылауынсыз жүрген, - дейді С.Ахмет.

Сауықтыру орындарында болған бозбалалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынды. Оның көлемі 3 АЕК құрады, яғни 6,8 мың теңге.