Астанада тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне 1,1 млн теңгеден алды


«Бұл қаражатты Астана әкімдігі өз ардагерлерінің әрқайсысына 1 млн 100 мың теңгеден бөлді. Қазақстан бойынша республикалық бюджет әрбір ардагерге 100 мың теңгеден белгіледі», - деп қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейірлан Нарымбетов бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Оның айтуынша, Мәскеуде Жеңіс парадында Қазақстанның бас қаласынан бір ардагер барады. Онымен бірге әскери госпиталдің бас дәрігері еріп барады.