Астанада тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан екі адам ажал құшты

«20 қыркүйекте сағат 20.02-де Тархан 19/2-ші үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі 5 минутта екі  қабатты үйдің шатыры мен кіреберісі отқа оранғанын анықтады. Қызыл жалынды ауыздықтау барысында 2 адамның мүрдесі табылды. Өрттің шығу себебі мен құрбандардың кім екені анықталуда», - делінген хабарламада.

Өрт ауыздықталды. Жалпы алаңы - 120 шашы метр,  9 бірлік техника мен жеке құрамнан 45 адам жұмылдырылды.