Астанада тұрғындарды жаппай тексеру басталды

Елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткені дұрыс, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Құқық бұзушлықтың куәгері немесе қатысушысы болған азаматтар «109» номеріне қоңырау шала алады, немесе 8775 0005109 номері бойынша WhatsApp мессенджеріне хабарлама жолдауға болады.

«109 кезекшілік қызметі» елорда тұрғындарынан комуналдық-тұрмыстық сипаттағы және жергілікті мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өтініштер қабылдауға арналған бірыңғай қызмет.

«Құқықтық тәртіп» шарасының басты міндеті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тіркелмеген азаматтарды анықтау. Шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде қолға алынып отыр.


Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарын шараға белсенді қатысуға шақырады. Тек күшімізді біріктіріп қана қаламызды жақсарта аламыз дейді шараға бастамашы болғандар.