Соңғы жылдары түрік кинематография саласы мықтап дамып, туындылары әлемнің көптеген елдерінде танылу үстінде. Қазақстанда да түрік телехикаялары көрерменнің көңілінен шығып, екі ел арасындағы мәдени байланыстарға көпір бола бастады.
Телехикаялармен қоса, кино туындылары да соңғы кезде өз көрермендерінің санын арттырып, олардың қошеметіне бөленуде. Осы орайда, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы 2017 жылы бауырлас Қазақстанның бас қаласы Астанада ай сайын бір түрік фильмін көрсетуді жоспарлауда.
Биылғы жылы Астаналық көрермендерге ұсынылатын алғашқы фильм Чанаккале жеңісіне арнайы түсірілген «Соңғы хат» деп аталады. Сценарийін жазған Өзхан Ерен, ал басты ролдерді Тансел Өнгел мен Несрин Джавадзаде ойнаған.
Әр халықтың тарих беттерінде ерекше орын алған үлкен шайқастар болады. Түркияның тарихында «Чанаккале» шайқасы өте маңызды рольге ие. Фильмде осы аламан шайқас кезінде жазылып, 40 жылдан кейін иесін тапқан бір хаттың хикаясына куә боламыз. Ұшқыш Салих Экрем мен медбике Нихаль қатал соғыс жағдайында Фуат есімді жетім балаға пана болады. Ағылшындардың әуе соққысынан сержант Салихтің арқасында құтылған жетім бала Фуатқа Нихал да қол ұшын созады. Осылайша, Фуат Салих пен Нихалбдың бір бірімен етене жақындасуына да себепкер болады.