Астанада түркітілдес елдері сурет шеберлерінің «Жаңа мыңжылдықтың жаңа елордасы» атты көрмесі өтеді

Биылғы жүздесудің тақырыбы - «Жаңа мыңжылдықтың жаңа елордасы».

Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Башқұртстан, Татарстан, Түркия, Гагаузия автономиясы (Молдавия), Солтүстік Кипрдің (Түркия) суретшілері, сондай-ақ «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының өкілдері қатысуда. Іс-шараның негізгі мақсаты - түркітілдес елдері арасындағы мәдени байланыстарды күшейту әрі ортақ мұраны болашақ ұрпаққа жеткізу. Биылғы кездесу аясында «Жаңа мыңжылдықтың жаңа елордасы» тақырыбында түркітілдес елдері сурет шеберлерінің шығармашылық көрмесі өтеді.