Астанада түркітілдес мемлекеттердің арнаулы қызметтері конференциясының кезекті ХІ мәжілісі өтті

Конференцияны Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ашты.

Конференцияның мәжілісіне Әзербайжан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Түрік Республикасы ұлттық барлау ұйымының және Ресей Федерациясы мен Укарина сыртқы барлау қызметінің басшылары мен сарапшылары қатысты.

Мәжіліске қатысушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік салаларына қатысты екі жақты және көпжақты байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылады. Халықаралық терорризмге мен экстремизмге қарсы тұру, аймақтағы діни экстремизм, халықаралық есірткі бизнесі және трансұлттық қылмыстың инфрқұрылымдарын жою мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Түркітілдес мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің конференциясы 1998 жылдың 20 мамырында Стамбул қаласында құрылды, оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстанның қауіпсіздік органдарының және Түрік Республикасы Ұлттық барлау ұйымының басшылары мүше болып табылады.

Мәжіліс жыл сайын басшылар мен сарапшылар деңгейінде конференцияға мүше елдерде кезекпен өткізіледі. Қабылдаушы жақтың арнаулы қызметінің басшысы бір жыл мерзімге төраға болып сайланады.