Астанада Түркия компанияларының Қазақстан экономикасына қосқан үлесі туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

Бұл туынды Қазақстандағы Түркия Елшілігі мен Түркия үкіметінің жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің қолдауларымен жарық көріп отыр.

Кітапқа аты әйгілі компаниялар кірген. Олар: Қазақстандағы азық түлік өңдірісіне инвестиция салған - «Hamle Company», құрылыс жабдықтарын өңдіруші - «Galaksi Group», қазіргі таңда фармацевтикалық зауыт салып жатқан - «Abdi Ibrahim», көптеген құрылыс жобаларын жүзеге асырған - «Ata Stroy», гигиеналық қағаз өңдірісімен айналысатын - «Ipek Kagit», жаңа клиниканың құрылысын жүзеге асырған - «Sema Hospital», жарық техникасының жабдықтарын өңдіруші - «Teksan Aydinlatma» және т.б.


Қазақстанның 20 жыл тәуелсіздігі кезеңінде түркиялық компаниялар тарапынан экономикаға жалпы 2 млрд. АҚШ доллы көлемінде инвестиция салынған және мыңдаған жұмыс орындары ашылған.

Кітапта толықтай 13 компанияның Қазақстандағы қалыптасу тарихы және экономикаға қосқан үлесі, қазіргі таңдағы жүзеге асырып жатқан жобалары және тағы басқа ақпарат жайында баяндалған.

Тұсаукесерге Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Омер Бурхан Тузель, Түркия үкіметінің жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің, кітапқа енген компаниялардың басшыларының қатысуы жоспарланып отыр.