Астанада "Угон" іс-шарасының барысында автокөліктерді айдап әкетумен шұғыланып келген екі қылмыстық топ жойылды - Астана қалалық ІІД

"Шұғыл алдын алу шарасының барысында автокөлік құралдары мен жүргізушілерге қатысты жасалған 20 қылмыс, соның ішінде автокөлікті заңсыз иемденіп алуға қатысты 17, көліктің салонынан жеке заттарды ұрлауға қатысты 3 қылмыс ашылды. Осы қылмыстарға қатысы бар 21 адам ұсталып, олардың 12-сі қамауға алынды", -деді М. Төлебаев.