Криминалдық полиция комитетінің ақпараты бойынша, қылмыстық топ бірнеше жылдан бері Ақмола облысы кәсіпкерлерінен ақша және аса ірі көлемде жеке меншік мүлікті бопсалаумен айналысқан.
"Қылмыстық топ мүшелері аса үлкен аусарлықпен қылмыс жасаған және қолдарында қарулары болған", - деп хабарлады полицейлер.
"2004 жылдың тамызында, алдын ала пәтуәласқан қылмыскердер, пәтерді сату туралы жалған құжат дайындап, оны кәсіпкерлердің біреуіне сатқан. Сосын, көп уақыттан бері одан 1 млн теңге мөлшерінде ақша бопсалап, от басына қоқан-лоққы көрсетіп, өлтіреміз деп қорқытқан ", -деп хабарлайды криминалдық полиция комитетіндегілер.
Сондай-ақ, қылмыскерлер адам ұрлаумен, заңсыз қару-жарақ айналымымен шұғылданумен қатар тағы да басқа ауыр қылмыстарға бой ұрған. "Қылмыстық топ жетекшісі бұдан бұрын тұра осындай қылмыстар үшін сотталған, алайда, бостандыққа шыққаннан кейін де, дұрыс жолмен жүрмей, заңсыз баю мақсатында қауіпті адамдарды топтастыруды жалғастырған", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Үстіміздіге жылдың наурыз айында, кәсіпкердің қарақшыларға ақша беру кезінде, қылмыстық топтың екі мүшесін Ақмола облысы ІІМ ҰҚКБ қызметкерлері қолға түсірді. Ал топ жетекшісі қарсылық көрсетіп, қашып құтылды.
Қылмыскерді анықтау және құрықтау операциясы Ақмола облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасы, ІІМ "Арлан" арнайы бөлімшесі және ҚР ҰҚК бірлесе отырып жүргізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ криминалдық полиция комитетіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті