Астанада үкіметаралық Қазақстан-Қырғызстан бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтеді

Қырғызстан өкілдерін осы елдің сыртқы сауда және өнеркәсіп министрі Садриддин Жиенбеков, ал еліміз өкілдерін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник басқарады.

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, тараптар сауда және инвестиция саласындағы болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктері, аймақтағы су-энергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану мәселелерін сарапқа салуды межелеп отыр. Келіссөздер барысында сондай-ақ, мұнай және газ тасымалы барысында кеден және көлік саласындағы өзара ықпалдастық туралы да талқыланады деп күтілуде.
Тараптар сондай-ақ, Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың желтоқсан айының 25-26-жұлдызына белгіленген елімізге ресми сапарына қатысты мәселелерді де егжей-тегжейлі талқылайды.