Отырыстың күн тәртібіне 5 түрлі мәселе қойылған. Атап айтсақ, министрлер кабинетінің мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің "Маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы" үкімет қаулысын жүзеге асыру бағытында тындырған жұмыстарының қорытындысын талқылайды.
Сондай-ақ, ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шаралар, 2002-2003-жылғы нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес бағдарламасының жүзеге асырылуы, және 2004-2005-жылға арналған осындай бағдарлама жобасы сарапқа салынбақшы. Сонымен бірге, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңды жүзеге асыру барысы мен парламентке ұсынылатын заң жобалары туралы талқыланады.