Астанада украин халқы шығармашылығының республикалық фестивалі өтеді

Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде «Як не любити менi цю землю!» республикалық қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Іс-шараға Қазақстанның 12 өңірінен келген шығармашылық ұжым қатысады. Концертте мемлекеттік және украин тілдеріндегі шығармалар орындалады. Фестивальдің мақсаты бауырлас халықтардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Украиндар елімізде ұлттық ауызбіршілікті қалыптастыруға, республикамыздың тәуелсіздігін күшейтуге, қазақстандықтардың әл-ауқаты мен гүлденуіне қосқан үлестерін көрсетпек ниетте.

Айта кетейік, аталған іс-шара Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі жұмысының қағидаттарын және жетістіктерін насихаттауға, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлтаралық келісім және толеранттылық мәселелері жөніндегі бағдарламасын қолдауға бағытталған.