Астанада үлескерлерді тентіреткен тағы бір кәсіпкердің қолына кісен салынды

Изоляторға қамалған құрылыс компаниясының басшысы «Гранитный» тұрғынүй кешенінің 44 үлескеріне тиесілі 222 миллион теңгені ұрлады деп айыпталып жатыр. Бұл тұтқындалған алғашқы бизнесмен емес. Бұған дейін мыңдаған адамды тентіреткен «Шейх Каз Инвест», «Әл-Баракат» және "Азбука жилья"-ның директорларына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алғашқы екеуі қамауда отырса, экс-мәжілісмен Ерканат Тайжановқа халықаралық іздеу жарияланды.

Loading...