Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 50-ден астам әскери қызметкер домбыра бейнесінде сапта тұрып, бірге күй шертті, деп хабарлайды BNews.kz.
Саптағы сарбаздар айнала домбыра бейнесінде сапта тұрды. Ортада жас қыз Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Саптағы сарбаздар күйді бірге орындады. Төбеден түсірілген видеода сарбаздар жасаған домбыра бейнесі анық көрінеді. Бұл Ұлттық домбыра күніне тарту болды.
Айта кетейік, кеше, 1 шілде күні, елімізде Ұлттық домбыра күні тойланды. Мереке биыл алғаш рет аталып өтті.