Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті дереу қоршалып жатыр

Комитет бар темір қақпаның сыртынан іргетас құйып тағы қоршау жасауға кіріскен. Сөйтіп онсызда биік дуалды қаңылтырмен жағалай қаптап түк көрінбейтіндей етпек. Құрылыс материалдарының үйіліп жатуына  қарағанда, жұмысшыларға қоршауды тез салу тапсырылған сияқты. Қақпа сыртынан тағы дуал көтерілсе, ұлттық қауіпсіздікке жауапты маңызды органның аумағында не болып жатқанын көру мүмкін болмай қалады. Комитеттегілердің аяқасты жұрттан неліктен жасырынғаны әзірге белгісіз боп тұр. 

Loading...