«Фестивальдің мақсаты - еліміздің әр түрлі мәдениеті мен тілін сақтап қалу, мәдениетті өзара байыту, этносаралық төзімділікті нығайту мен Қазақстан халқының мәдениетаралық келісімін одан әрі дамыту болып табылады», - делінген министрліктің ақпаратында.
Фестивальға Қазақстан Ұлттар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры және Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры қатысады.
Жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықтау жоспарланған: «Ең үздік спектакль», «Ең үздік режиссерлік шешім», «Қазақ драматургиясын табысты меңгергені үшін», «Ең үздік ұлттық авторлардың драматургиясы үшін», «Ең үздік әйел адам бейнесі үшін», «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», «Ең үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі үшін», «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі үшін», «Ең үздік дебют», «Көрермендер көзайымы».