"Біз жүзеге асыратын басты жобалардың бірі - Астанада ұлттық телевидение орталығын құру. Ол үшін біз биыл техника-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы сұрауымыз қажет болмақ. Келесі жылы жан-жақты жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болуға тиіс", -деді министр.
Осы орайда М. Құл-Мұхаммед "Астанада жаңа телемұнарамен біруақытта орталық салу жобасын үкімет басшылығы принциптік тұрғыда мақұлдап отырғанын" жеткізді.
Министрдің нақтылауынша, орталықта " "Хабар", "Ел арна", "Қазақстан", спутниковой телепрограммы Caspionet" спутниктік телебағдарламалары секілді мемлекеттік телекомпаниялардың кеңселері орналасатын болады.
"Бұл мәселені шешпейінше, жетекші ақпараттық агенттік - "Хабар" мен "Қазақстан" ұлттық телеарнасы жұмыс істеуге қолайсыз және оған лайықталмаған орындарда жұмыс істеп отырғанда отандық телевидениенің бәсекелестік қабілетін көтеруге қол жеткізе алмаймыз", -деді М. Құл-Мұхаммед.
Министрдің айтуынша, кейінгі үш жылда ақпараттық саланы қаржыландыру көлемі шамамен 40%-ға өсіп, 12 млрд теңгеден асты.
Тұтастай алғанда, министрліктің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 8340 БАҚ тіркелген, олардың 2544-і жұмыс істеуде. Соның ішінде ел бойынша 215 электронды бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істеуде.