Астанада ұлы Абайдың әжесі туралы спектакльдің алғашқы қойылымы өтеді

Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдаулет «Зере» драмасын жаңаша ақындық бояулармен жазып шыққан. Сөйтіп, автор қазақ әйелдерінің ұлылығы мен даналығын паш ететін қаһармандардың образын жасады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Қоюшы-режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, қоюшы-суретші – Берік Бүрбаев.


Қойылымның басталуы – 19.00-де.