Бұл туралы ҚР Мәдениет министрлігінен мәлім етті.
Халықаралық фестивальдің мақсаты - түркі халықтарының әні мен жырын, күйі мен сазын, эпосын жан-жақты насихаттау, қазақ классикалық дәстүрлі музыкасына, фольклорға жүйелі түрде қамқорлық жасау ісін ұйымдастыруға мұрындық болу сонымен қатар, дәстүрлі музыканың барлық жанрларын, әсіресе кенже қалған, сирек ұшырасатын аспаптарда орындалатын жанрларды жаңғырту.
Фестивальға Қазақстаннан бөлек Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Түрікменстан елдерінің айтулы музыка орындаушылары қатысып, «жанды орындау» шартымен өнер көрсетеді.
Дәстүрлі музыканың қыр-сырын жетік меңгерген өнерпаздар шертпе, ыспалы, үрлемелі аспаптарда өнер көрсетіп, ән- жыр, терме, нақыл- насихат, дастан- эпостарды орындау шеберліктерін паш етеді.
Фестивальдың соңы қыркүйектің 16-сы күні кешқұрым өтетін гала-концертпен аяқталады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет министірлігі және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ.