72 жастағы Бақытжамал Әубәкірова мына ескерткіш тақтадан соғыста ерлікпен қаза тапқан әкесі мен нағашы атасының есімі түсіп қалғанын айтады. Ильинка ауылының белсенділері бұрынғы тақтаның орнына жаңасын қойып, ескерткіштің бетін нағыз табыс көзіне айналдырды деп кейіді кейуана. Тізімнен түсіп қалған бабаларының есімін жазу үшін өзінен 40 мың теңге сұраған.
Бақытжамал Әубәкірова, Ильинка ауылының тұрғыны:
- Әубәкір Талғатбек деген кісінің соғысқа барған-бармағанын білмеймін. О кісі бертін келе соғыстың аяқ кезінде қатысқан ба сондай. Бірақ, соғыстың ішінде болмаған. Ол қалайша жазылған? Соны білмеймін. Енді негізінде бос орындарға апарып басқа біреулерді жазған, ақша төлегендерді.
Қарияның айыптап отырғаны мына кісі - ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы. Амангелді Құсайынов әр адамның атын жазу үшін расымен де ақша жиналғанын айтады. Бұрынғы ескерткіш тақта ескіріп кеткендіктен, жұмысшы жалдап тапсырыспен қайтадан жасатуға тура келген. Тіпті, жиналған 3 млн теңге жетпей қалыпты. Ал, атасы мен әкесі үшін шырылдаған Бақытжамал Әубәкірованың сөзін жалған деп шықты.
Амангелді Құсайынов, ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы:
- Анда барғандары да бар, бармағандары да жазылған. Ал, бармағандары кім? Мысалы, анау әлгі Әубәкіров Талғат деген кісі. Ондай кісі жоқ, тізімде Талғат деген тізімде жоқ деймін. Бар, жазылып тұр солай деп. Менің әкем мен әкемнің ағасының орындарына басқа адамдарды жазған.
Ауыл әкімі де кейуананың өзін кінәлап отыр. Айтуынша, ешкерткіштің жаңартылатыны жұртқа жария етіліпті. Ал келмеген өздері екен.
Айнагүл Көңбайқызы, Қараөткел селолық округі әкімінің мінедетін атқарушы:
- Ол жерде төлегендер де бар, төлемегендер де бар. Өз еріктерімен келіп, төлеп жаздырғандар да бар. Жоқ, әкемнің атын жазбай-ақ қой мемлекетке керек болса өзі жазып алсын деген азаматтар да бар. Оның бәрі қарастырылды ғой.
Осылайша, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың құрметіне тұрғызылған ескерткіш дау тудырып отыр. Ал, Бақытжамал Әубәкірова ер есімі ел есінде қалмайтынын айтады. Алатын 33 мың зейнетақысын тек дәрісіне жұмсайтын кейуана соғысқа қатысқан бабаларының ерлігін ақшаға бағалағандардың ісіне күйініп отыр. Енді істің ақ-қарасын анықтауды прокуратурадан талап етпек.