Астанада Ұлы Отан соғысының батырларына ескерткіштер тұрғызылуда

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, маусым айының аяғында Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлына ескерткіштер тұрғызылады. "Бұл ескерткіштерді Қазақстанның өскін Елордасының 10 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе және Жамбыл облыстары тарту етеді", -делінген хабарламада.

Әкімшіліктің хабарлауынша, 20 маусымда ашылады деп жоспарланған Әлия Молдағұлованың ескерткіш кешені Астананың орталығында, Жеңіс даңғылы мен 9-мамыр көшелерінің қиылысында орнатылып жатыр. "Аты аңызға айналған сұрмерген қыздың төрт метрлік қола мүсіні қызыл мәрмар тастан жасалған гранит іргетастың үстінде тұратын болады", -делінген хабарламада.

"Ал Есілдің сол жақ жағалуында, Елордасының жаңа әкімшілік орталығына таяу жерде Бауыржан Момышұлына арналған 11 метрлік ескерткіш тұрғызылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.