«Қазақстан Республикасының Халық әртісі, қазақ вальсінің патшасы Ш.Қалдаяқовтың әндеріне деген халық махаббаты күннен күнге арта түсуде. Бүгінгі шараның мақсаты өскелең ұрпақты Шәмші творчествосымен, оның әндерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, олардың мәңгілік екендігін насихаттау», - дейді ПМО кітапханасының өнер бөлімі бастығы Бақша Бектұрғанова.
Кеш барысында Ш.Қалдаяқовтың өмірі туралы слайдтар, фото суреттер мен сахналық көрініс көрсетілді. Сондай-ақ, №2-ші өнер мектебінің оқушылары оның «Отырардағы той», «Балдырған», «Ән аға», «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» және халықтың басқа да сүйсіне орындап, тыңдап жүрген әндерін шырқады.
Сонымен бірге, әнші, сазгердің өмірбаянына байланысты естеліктер, шығармалар жинағы жайлы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жасалды.
Әдеби-музыкалық кештің соңы еліміздің әнұранына айналған Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін орындаумен аяқталды.