«Наурыз мейрамының халқымыз үшін мән-маңызы өте зор. Сондықтан да осы атаулы мейрамға қанша қаржы жұмсалса да, оның барлығы мақсатты түрде игерілуде, яғни, қаржы шығыстары Наурыздың мәртебесін жыл сайын арттыруға негізделген»,-деді Б. Мажағұлов.
Оның сөзіне қарағанда, елордада барлық қаржы көздерінен мейрам қарсаңындағы безендіру шараларына 175 миллион теңге жұмсалса, ал мерекелік шараларға 150 миллион теңге бағытталды.