Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен қырағы такси жүргізушісіне теледидар тарту етілді


Берік Мұқатаевты марапаттады.
Батыл қимылдап,  тапқырлық танытып, азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткені үшін Б.Мұқатаевқа теледидар тарту етілді. Бұл уралы бүгін Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Астананың екі тұрғыны букмекерлік кеңседен түсті теледидарлар ұрлап, оны әкету үшін такси тоқтатқан.
Жолаушылардың әрекеті күмәнді такси жүргізушінің күмәнің туғызған, оның айтуынша, әдетте ірі заттарды түнде тасымайды. Оңтайлы сәтті пайдаланып ол «102» желісіне қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері жедел жетіп, ұрыларды қолға түсірді.