Астанада үш ауысымды мектептер мәселесі алдағы жылы шешіледі


Әкімдік мәліметіне қарағанда, үш ауысымды мектептер мәселесі биыл 11  жаңа мектеп пайдалануға берілген соң үш мектепте, ал 2015 жылы  9 мектеп тапсырылғаннан кейін қалған екі мектепте шешілетін болады.

16 жылдың ішінде Астанада мемлекеттік мектептер желісі 35-ке артты. Мәселен, 1998 жылы елордада 37 мектеп болса,  2014 жылы олардың саны 72 -ге жетті.