Астанада үш құрылысшы биіктіктен құлап мерт болды

Қайғылы оқиға Есілдің сол жағалауында жаңадан салынып жатқан Мұз сарайында болды. Жоғарғы қабаттағы тіреулерді алып жатқан құрылысшылардың аяғы тайып кетсе керек, 20 метр биіктіктен төмен құлдилаған. Ауыр соққыдан 3 жұмысшы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, қалған 3-уі ауруханаға жеткізілген. Өлім аузында жатқандарды аман алып қалу үшін қазір дәрігерлер барын салуда. Болжам бойынша, марқұм мен жарақат алғандардың барлығы Косово азаматтары. Жас шамалары 60 пен 32-нің аралығында. Оқыс оқиғадан соң айнала қоршауға алынып, полиция прокуратура мен еңбек инспекторлары жауап алып жатыр. 

Loading...