Астанада үстіміздегі жылы Интернетке сымсыз қосылудың орталықтандырылған желісі құрылатын болады

Әкімнің айтуынша, әңгіме Интернетке сымсыз қосылудың орталықтандырылған желісін құру (Wi-Fi) туралы болып отыр. "Негізінен желі білім беру мекемелерінде, ойын-сауық және сауда орталықтарында монтаждалатын болады. Сөйтіп, қаланың халық көп жиналатын орындарының барлығында дерлік Интернетке қосылуға болады",- деп атап көрсетті қала басшысы.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Wi-Fi технологиясы бойынша қосылу орындары Астананың халықаралық әуежайында, Еуразиялық ұлттық университетінде және Астананың кейбір сауда орталықтарында жұмыс істеуде. А. Мамин сондай-ақ, Астанада Интернетке жоғары жылдамдықпен сымсыз қосылу желісін ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылғандығын еске сала кетті. Ол бір уақытта кабельдік инфрақұрылымынсыз телефон байланысы қызметін көрсету және мәліметтер беру мүмкіндігін береді.