Астанада велотректен әлем кубогының кезеңінде Германия құрамасы жеңімпаз атанды

«Германия құрамасы ең көп медаль – 8 медаль жеңіп алды, оның 1-еуі – алтын, 2-еуі күміс және 5-еуі – қола медальдар», - делінген федерацияның баспасөз мәлімдемесінде.

5 медаль алған (3-еуі – алтын, 2-еуі күміс) аустралиялықтар екінші орында. Лидерлер үштігін 1 алтыр, 1 күміс және 1 қоламен Франция құрамасы қорытындылады.

«Астанада ресейліктер үш ұлттық рекорд орнатты. МOSKOWTRACKTEAMкомандасы елдің жаңа рекордын орнатты - 43,981 секунд.РУСВЕЛО командасының шабандоздары Алексей Марков, Александр Серов, Иван және Евгений Ковалевтар 4000 метрлік командалық жарыста 3:56,127 секундкөрсеткішпен бірінші орын алды.Осы команданың қыздары Евгения Романюта, Венера Абсалямова, Виктория Кондель шағын финалда германиялық бәсекелестерінен асып түсе алмады, бірақ ұлттық жетістікті елеулі жаңартты - 3:22,086 секунд», - делінген ақпаратта.

«Белоруссиялық спортшы Ольга Панарина спринттің квалификациялық бөлімінде үздік нәтиже көрсетіп, 10.793 секунд әлемдік рекордты қайталады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Велоспорт федерациясының мәліметтеріне сәйкес, қазақстандық спортшылардың үздік нәтижесі – жарыстың финалына шығу. TrackTeamAstana командасының өкілдері Сұлтанмұрат Миралиев пен Матвей Никитин скретч жарыстың финалына шықты. Ал омниум финалында Наталья Стефанскаяәлемдегі үздіктердің ондығына кірді.

Велоктректен әлем кубогының кезеңі Астанада 4-6 қарашада өтті.