Астанада XIII Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады


Руслан Жемков, Еуразиялық медиафорумның бас директоры:

- Медиафорумда жаһандағы соңғы маңызды оқиғалар талқыланады. Мәселен Париж бен Брюссель қаласында өткен соңғы террорлық әрекеттер, мұнай бағасының құлдырауы, экономикалық дағдарыс, келімсектердің мәселесі, Таяу Шығыстағы ахуал сынды өзекті жайттар сараланады. Сондай-ақ Еуропалық Одақтың болашағы да форумда айтылады. Ақпараттық соғыс пен киноиндустрияның рөлі де пасықталады. Медиафорум еліміздің беделін арттыруға зор ықпал етеді. Форум жұмысына 300-ден астам отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады. Түстен кейін Ұлыбританияның белді мемлекеттік қайраткері Джек Стро дәріс оқитын болады. Бұл жөнінде алдағы сағаттарда тікелей эфирде ақпарат беретін боламыз.