Концертте Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтаң лауреаты Ескендір Хасанғалиев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Айгүл Ниязова, Жәмила Жарқымбаева, Мәдина Баспаева, Гүлзира Бөкейхан, республикалық конкурстардың лауреаты Бибігүл Сауытова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Біржан Хасанғалиев, Андрей Трегубенко, Айдос Жабағин, Олег Татамиров, Нұржан Бажекенов, Эльмира Ахмедьярова, Саджана Мырзалиева, Зарина Рүстемова, Елена Низамутдинова, Айзада Қапонова, сондай-ақ ҚазҰӨУ «Елигай» хоры және скрипкашылар ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптар және симфониялық оркестрі, К. Байсейітова атындағы ҰОБТ балет труппасы және хоры, «Серпер» домбырашылар ансамблі және «Тұран» этно-фольклорлық тобы өнер көрсетеді деп күтілуде.