Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сарынжипов мәлімеді.
"2015 жылы көзі көрмейтін балаларға арналған балабақша салу жоспарланған», - деп А.Сарынжипов өз блогына келіп түскен сұрақтардың біріне берген жауабында.
Білім және ғылым министрінің мәлімдеуінше, биыл елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 375 орындық арнайы түзеу мектебінің құрылысы басталады. Мектеп жанынан көз көру қабілеті нашарлаған балаларды оқытатын топ жұмыс істейді.
Мұнымен қоса, 1 маусымда N23 балабақшада зағип балаларға арналған түзеу тобы ашылады. Биылғы жылы N71 мектепте көзі нашар көретін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмысын бастайды.